ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ АУЫЛДАРДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

0
74

«Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы ауылдық округ аумағында қарқынды жалғасуда. Құркелес ауылдық округі, Дастан елді мекенінде орталық және ішкі көшелердің бойына бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды жинап, шөп орылып, арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 100-ге жуық еріктілер қатысты.

“Тазалық-жинаған жерде емес, сақталған жерде болады” дегендей, ауылдық округтің әрбір тұрғыны өз ауласының тазалығына көңіл бөліп, қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.

Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Облыс әкімі аппаратының апталық отырысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық пен абаттандыру мәселелерін шешудің жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге көшесін, ауылын таза ұстаған тұрғындарды ынталандыру мәселесін көтерді. Мысалы, әлеуметтік нысандар мен жолды бірінші кезекте тазалық талаптарын сақтаған елді мекендерге салып беру және де ынталандыру шараларын әзірлеуді жүктеді.

Осыған байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалды былай деген болатын, «Тазалық пен абаттандыру – жыл он екі ай тоқтаусыз жүретін жұмыстар. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Өңірдегі барлық мемлекеттік, бюджеттік, жеке меншік, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, жалпы мекемелердің бәрінің басшылығына тиісті ұсыныс берілсін. Әр мекеме ұжымы өздері тұратын нысанды сәндеп, жан-жағын көгалдандырып, тазалық жұмыстарын атқарсын. Әрбір аудан, қала, ауыл әкімдері өздері басқаратын аумақтағы мекемелер қызметкерлерін, тұрғындарды тазалық акциясына шақырсын. Жұмысты үйлестірсін. Бұл – бір. Екіншіден, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын науқанмен шектемей, проблемаларын анықтап, жүйелі түрде шешуіміз керек. Коммуналдық мекемелер құру, оларды қаржыландыру жұмысы жандансын», – деді Дархан Сатыбалды.

Leave a reply