ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 9 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

0
46
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 9 спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі Рашид Мыңбаев нысан құрылысының барысын тексеру үшін Шымкент қаласы Отырар шағынауданындағы № 11, 12, 13/1, 13/А көп қабатты үй аулаларында салынып жатқан алаңшаларды көрді. Онда тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мердігер мекеме тарапынан ескерілетіндігін түсіндірді.
айта кетейік жыл соңына дейін Әл Фараби ауданында жаңа 27 спорт және балалар ойын алаңшасы бой көтереді деп жоспарланып отыр. Оның 14-і «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында орнатылады. Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізілетін болады.
Тұрғындардың еркін отырып демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен қоқыс алаңшалары, спортпен шұғылдану элементтері қоса орнатылады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған