Пятница, 13 июня

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА

0
26

Төлеби ауданы Түркістан облысындағы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Ауданның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, инфрақұрылым, кәсіпкерлік және туризм салаларында оң серпін байқалады. 2022 жылы ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 41 миллиард теңгеден асты. 2023 жылы бұл көрсеткіш 46 миллиард теңгеге жетті. Өнеркәсіп саласында 20 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде 2 ірі және орта, 15 шағын, 3 қосалқы кәсіпорын бар. Аудан экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 2022 жылы 23 миллиард теңге болса, 2023 жылы 28 миллиард теңгеден асты. Бюджет кірісі 136 миллиард теңге көлемінде орындалды.

Жаңа инвестициялық жобалар қатарында Ленгір қаласында іске қосылған тігін фабрикасы және Аймар құс фабрикасы бар. Бұл жобалар 200-ден астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығы саласында ауданда 3746 агроқұрылым тіркелген. Егін шаруашылығында бидай арпа мақсары жеміс жидек көкөніс өнімдері егіледі. Мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Сүтті және етті бағыттағы ірі қара қой және жылқы малдары өсіріледі. Инфрақұрылым бағытында 2023 жылы 31 жол 5 электр желісі 2 газ құбыры және 11 ауыз су жобасы іске асырылды. Аққұм мен Киелітас ауылдарында мәдениет үйлері салынуда. Қайнар және Қаратөбе ауылдарындағы мәдениет нысандарына жөндеу жүргізілуде

Ауданда туризм де даму үстінде. Қазіргі таңда 76 туристік нысан жұмыс істейді. Оның ішінде 1 шаңғы базасы 4 емдік сауықтыру орны және 71 демалыс аймағы бар. 2022 жылы 32 мыңнан астам турист келіп 586 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған. Кәсіпкерлік саласында 8764 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Онда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 17 жарым мың адамға жетті

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Білім беру нысандарына 764 миллион теңге бөлініп құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет пен спорт саласында аудан жастары халықаралық және республикалық жарыстарда 800-ге жуық жүлдеге ие болды. Аудан әкімдігі алдағы уақытта да экономикалық көрсеткіштерді арттыру мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында нақты жұмыстарды жалғастырады Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Ленгір қаласы тұрғындарының қатысуымен өзекті мәселені талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, күн тәртібінде «Алатау» мөлтек ауданындағы қосалқы станциясының құрылысының барысы қаралды. Мердігер мекеме «Алматы мәдени тұрмыс құрылыс» АҚ өкілдері 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Қаңтар айында өткен дәл осы тақырыптағы жиында тұрғындар жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын қосалқы станцияға қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, мәселе кеңінен талқыланып, қосалқы станциясының құрылысын аяқтау мерзімі 2025 жылдың 31 мамырға дейін деп көрсетілген болатын. Алайда, қосалқы станция құрылысы әлі күнге толық аяқталмай, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге жол берілуде. Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді ретке келтіре отырып, ақауларды жойып, қосалқы станцияны 31 мамырға дейін аяқтауды қатаң ескертті. Ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі 9 млрд 221 млн теңгені құраса, мал шаруашылығында 6 млрд 707 млн теңгенің өнімі өндірілді. Рейтинг көрсеткіштерін талдау келесі аптадағы аппараттық мәжілісте талқыланады. Жаз мезгіліндегі ауыз су тапшылығын алдын-алуға бағытталған іс-шаралар жайында аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев хабарлады. Көктерек су тазалау имаратынан Ленгір қаласы тұрғындарының 30 пайызы, яғни 2320 абонент ауыз су тұтынады. Имараттан 8.7 мың м3 тәулігіне су беріледі. Көктерек су имаратынан келетін ауыз су 2320 абонентті толық қамту мүмкіндігі төмен, сапасы да сын көтермейді. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары талқыланып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Қарабастау бұлағынан 860 абонент су пайдаланады. Бұлақтың су көлемі 4.2 мың м3 тәулігіне. «Достық» елді мекеніндегі №1, №2, №3, №4 ұңғымадан 4212 абонент су тұтынады. Су көлемі 11.2 мың м3 тәулігіне. Үш су көзінен қала халқы 24.2 мың м3 тәулігіне су қолданады. Жиында елді мекендерді ауыз сумен қамту барысында туындап отырған өзекті мәселелер сараланды. Аудандағы ауыз су мәселесінің шешу жолдарына қатысты сұрақтар келесі аптада өтетін жиында қосымша қаралып, талқыланады. Судың сапасы сынама арқылы тексеруді сала мамандарына тапсырылды.

Түркістан облысында осы аралықта 857,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі (НКИ) 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,3%-ды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 409,1 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,7% өсті. Жалпы өнеркәсіптегі үлесі 47,1% құрайды. Салалар бөлінісінде: тамақ өндіру – 3,5%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 14,2%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 32,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 19,2%-ға, металлургия өндірісі – 26,6%-ға, машина жасау – 5,8%-ға, жиһаз өндіру – 81,7%-ға арты. Өңдеу өнеркәсібі саласында 706 кәсіпорын жұмыс істейді: оның ішінде 676 – шағын, 22 – орта және 8 – ірі. Салада 18,1 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2024 жылдың І тоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 5 436,3 мың теңгені құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңге индексі – 108%.  Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 44,6% үлесін құрайтын тау-кен өндірісі саласында өндірілген өнім көлемі 382 млрд теңгені немесе НКИ 104,5%-ды құрады. Өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 47,7% үлесін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі – 112,7%, өнім көлемі 409,1 млрд теңгені құрады.  Аталған көрсеткіш электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 58,4 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 115,1%-ды құрады. Сондай-ақ облыста қайта өңдеу саласына баса назар аударылып отыр. Мәселен, екі жыл көлемінде өңдеу өнеркәсібінде 24 жоба іске қосылды (43,3 млрд тг, 824 жұмыс орны). Биыл 13 жоба жоспарланып, бүгінгі таңда 7 жоба жұмысын бастаған (600 адам жұмыспен қамтылды).

Leave a reply