ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҚТАРЫН КӨШЕГЕ ТӨККЕН ТҰРҒЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

0
48

Шымкент қаласының тазалығы басты назарда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аймағында құрылыстық және тұрмыстық  қалдықтарды тастау бойынша рейд өтті.

Аудан әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе А.Байтұрсынов, Қазиев, Айбергенов, М .Мәметова көшелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қатты қалдықтарды көше бойына төккен тұрғындарға 67 хаттама толтырылды.

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 692 хаттама толтырылды. Оның 1674-і ескерту, ал қалған 18 іске айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы соммасы — 554 230 теңгені құрайды, бүгінде 233 360 теңгесі өндірілген.

Айта кетейік, қала аумағында 8 саябақ, 39 гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш күтімге алынған. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы теңгеріміндегі жасыл желектер көлемі 152 гектарды құраса, оның 115 гектары саябақ аймақтарына тиесілі. Сондай-ақ, қаладағы 37 субұрқақ пен 44 ұңғыманы күтіп-ұстау міндеттері де осы басқармаға жүктелген.

Еске салсақ, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – саламатты қоғам құру үшін маңызды шарт. Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаменті былтыр “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты тұжырымдасы аясында республикада алғаш рет әлеуметтік желіде арнайы “Жедел әрекет ету тобын” құрған болатын. «Жедел әрекет ету тобын» құрудағы басты мақсат – үшінші мегаполис халқының мұң-мұқтажын анықтап, тиісті шаралар қабылдау.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған