Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді

0
42
Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 060 абонент дербес шот ашып пайдалануда.
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін 52 037 абонент газ құбырларына қосылған, қамту көрсеткіші 82,5%.
Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны 2021 жылы 95% жетті.
2022 жылы жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйді табиғи газбен қамту мақсатында, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, қазіргі таңда мердігер анықталды. Аталған абоненттер қосылса қамту көрсеткіш — 96% болады.

Leave a reply