ТҮРКІСТАН: ҚАРБЫЗДЫҢ КЕЛІСІ ЕГІСТІК БАСЫНДА 110 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛУДА

0
157

Түркістан облысы, Шардара ауданының диқандары мен кәсіпкерлері қарбыздың биылғы алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 5300 тонна бақша өнімін Қазақстан аумағынан бөлек Ресей, Моңғолия және өзге де ТМД елдерінің нарығына экспортқа шығарды. Сондай-ақ өз еліміздің өзге өңірлеріне аталмыш бақша өнімін экспорттау қарқынды жалғасуда.

Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 105-110 теңге аралығында сатып алуда. Диқандар алдағы уақытта экспорт көлемі арта түсетінін айтады. Ауданда қарбыз қоры мол.

Айта кетейік, биыл ауданда 8500 гектарға жуық бақша алқабы егіліп, одан 222 мың тоннадан астам өнім жинау күтіліп отыр.

Leave a reply