Thursday, November 21

ТҮРКІСТАН: “ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ” ЖОБАСЫ ӨҢІРДЕ ҚАРҚЫН АЛДЫ

0
29

Ұлттық жобаның мақсаты – халықтың базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды, көліктік байланыстылықты жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін, сондай-ақ халықтың ұтқырлығын арттыру.

Инфрақұрылымды кешенді дамыту 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды, 46 топтық су құбырын реконструкциялауды, 785 км нөсер кәрізі мен арық жүйесі желілерін жаңғыртуды; коммуналдық сектордың 7,7 мың км желісін жаңғырту мен реконструкциялауды; 1163 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу бойынша бюджеттік кредит беруді болжамдайды.

Іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 16 мың км салу және реконструкциялау), қалаларда сарқынды суларды 100% тазартуға қол жеткізілетін болады, инженерлік желілердің тозуы (жылумен, сумен жабдықтау, су бұру) 55%-дан 47%-ға дейін қысқарады.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауыл ішінде 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың км кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік объектілер салынып, жөнделеді.

Бұл тірек ауылдардағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізуге; 3,5 мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымын жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

«Жайлы тұрғын үй» екінші міндеті шеңберінде нысаналы топ үшін 185,1 мың адамның жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін шығыстарды субсидиялау, 102,3 мың әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысы (сатып алу), жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салу (сатып алу) сияқты қолдау шаралары іске асырылатын болады, сондай-ақ өз жұмыскерлері үшін ауылдық жерлерде үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын (2,9 мың үй) жабу көзделеді.

Сапалы және жайлы тұрғын үйдің қолжетімділігі 103 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру және азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін 235 мың жер учаскесін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету есебінен арттырылатын болады.

Ұлттық жоба «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламаларының, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іс-шараларын қамтиды. Ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу (сумен жабдықтау, су бұру, жолдар, газбен, сумен, электрмен, жылумен жабдықтау) және тұрғын үй мәселелерін шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей байланысты.

Leave a reply