Түркістан: Ұстаз болу өзгені аялау, уақытыңды аямау

0
57

«Ұстаз болу – жүректің батылдығы» демекші, ұстаз болып, әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу, тілін ұғыну, дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәлім – тәрбие бере білу. Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, ұстаз бейнесі оқушылардың жүрегінен ерекше орын алады. Ұстаздық шәкірттің өміріне дұрыс жол сілтеу болып табылады. «Ұстаз болу өзгені аялау, уақытыңды аямау» деген ой осыдан туындайды. Уақытын шәкіртке көп бөлген жан жеңіске жетеді. Бүгінгі ұстаз қауымына қойылып отырған талапта та – осы. «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай. Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге бейімдеп ғылымға қарай бағыттап, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтерудің алтын кілті ұстаздардың қолында. Алты Алаштың басы жиналса төр мұғалімдікі деуші еді. Сол себепті де ұстаздық қадірлі маман. Білім мен тәрбиені оқушыларына қатар үйретіп, шәкірттерінің алдында қашанда мәртебесі биік болып келе жатқан ұстаздарымыздың бірі Меруерт Байбатшаева. Ұстазымыз 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесіндегі «Жалпы техникалық пәндер және еңбек» пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған. Еңбек жолын Отырар ауданы, Әл Фараби елді мекеніндегі Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде бастаған. Сондай-ақ, 1996 жылы №16 Т.Бигелдинов атындағы орта мектептебінде қызмет атқарып, 2009 жылдан бастап №14 жалпы орта мектебінде еңбек пәні мұғалімі қызметіне орналасқан. Өзіне атқарылған жұмыстарды толығымен әрі жауапкершілікпен орындай білген ұстаз сол жылы педагог ұйымдастырушы қызметіне тағайындалып, 2011 жылдың 18 қараша күнінен бастап директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп, тәрбие саласында өз ісін жоғары деңгейде көрсете білген. Одан кейін тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

Бүгінгі таңда 2023 жылға дейін жарамды II –ші біліктілік санаты бар білімді ұстаз. Білікті маман ұстаздық жолмен қатар түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде «Бисер техникасы» виртуальды лабораториялық жұмысымен авторлық бағдарлама қорғаған. Республикалық білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Алғыс хатпен марапатталған. Республикалық ғылыми –әдістемелік педагогикалық шеберлік журналына «Технология сабағында оқушыларды кәсіпке бағдарлау» тақырыбында сабағы жарық көрген.

Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын жариялап, республика көлемінде жаңа ақпараттық технология арқылы әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын жариялап, республика көлемінде жаңа ақпараттық технология арқылы әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасын алған.

Республикалық Керемет КІDS грамотасымен, Республикалық «Тәрбие процесінің маңызы мен ұстаз шеберлігі» тақырыбындағы әдістемелік авторлық бағдарлама қорғағаны үшін І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Bilimger.kz республикалық білім порталында өз еңбегін жариялау арқылы Қазақстан аумағында өз тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат, «Оnline education» Авторлық бағдарламалар топтамасы Сертификаты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курсының » сессия бағдарламасы бойынша сертификатын алған.

Кез-келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады. Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет. Өзгенің бақытын аялаумен, өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты. Осындай ауыр жүкті арқалай жүріп, оқушыларында жетістікке жетелеп жүр. Атап айтар болсақ, облыс оқушыларының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол!» атты облыстық фестивалінде жоғары деңгейлі өнерімен танылған талантты шәкірттерді дайындауда және сан қырлы өнерге баулуда қосқан зор үлесі үшін марапатталған. Республикалық Болашақ – білімдінің ғасыры атты өнер фестиваліне оқушылардың өнерін шебер насихаттап ұйымдастырғаны үшін мадақтама алған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған