Тұңғыш Президент атындағы мемлекеттік стипендияның аты өзгертілуі мүмкін

Open NPA сайтында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік стипендиясының атауын өзгерту жобасы жарияланды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі талқылауға 2022 жылғы 30 маусымда енгізді.
Құжатқа сәйкес, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлықтың атауын «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертіледі.
Қоғамдық талқылау 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады.