Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы өтті

0
44

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қала күні мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент орталық мешіті мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының мұрындық болуымен «Берекелі Тайқазан» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы және қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев және ерікті топ мүшелері қатысты.

Шара барысында көпбалалы, жағдай төмен және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасы мүшелеріне азық-түлік себеті үлестірілді. Осындай шара қаланың бес орнында ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мерекесіне орай, таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болымен қалалық Қан орталығында «Бәріміз — біріміз үшін» атты қан тапсыру шарасы ұйымдастырылған болатын.

Leave a reply