«Украинадағы секілді»: Ресей депутаты Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін сес көрсетті

0
138

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин Донецк және Луганск халық Республикалары туралы ойын білдірген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сынға алды. Бұл туралы Infonews.kz сайты Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірнеше күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен бірге журналистер сұрақтарына жауап беріп, ДХР мен ЛХР-ді квазимемлекеттік құрылымдар қатарына қосты. Сондай-ақ, Қазақстан оларды мемлекет ретінде мойындамайтынын айтты.

Константин Затулин «Говорит Москва» радиосында Тоқаевтың бұл мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

– «Біз барлық жерде, оның ішінде Украинаға қатысты арамызда достық, ынтымақтастық және серіктестік болса, ешқандай аумақтық мәселелер көтерілмейтінін айтамыз. Егер бұлай болмаса, онда бәрі мүмкін. Украинадағы секілді», – деді депутат.

«Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак Константин Затулинді Қазақстан президентінің мәлімдемесіне қатысты пікірі үшін қатаң сынға алды.

Leave a reply