ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ДЕ ЕМХАНА ҚАЖЕТ

0
54

Келтемашат – Түлкібас ауданындағы ең шалғай орналасқан елді мекен. Мұндағы кеңес заманында салынған емхана әбден тозған. Заман талабына мүлдем сай келмейді. Сондықтан тұрғындар бірнеше жылдан бері ауылға жаңа емхананың қажет екенін айтып келеді. Елді мекенде 150 үй, мыңға жуық тұрғын бар. Ауыл жылдан-жылға кеңейіп келеді. Қазір жаңа емхананың құрылысы жүріп жатыр.

«Қазіргі талапқа сәйкес, барлық елді мекендерде осындай медициналық мекемелер салынып, оны кейінгі заманауи дамыған медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болса, әрине бұл халықтың әлеуметтік және денсаулығын сақтау жөніндегі мәселенің шешемін табады деген ойымыз бар»,-дейді ауыл тұрғыны Бердібай Тұрабаев.

Жауапты мердігер мекеме басшысы екі қабатты нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне береміз деп отыр. Мамандар бұдан бөлек, дәл осындай емхана құрылысы аудандағы Шұқырбұлақ, Ақбиік, Тұрар елді мекенде басталғанын айтады. Жалпы төртеуінің жобалық семталық құны 560 млн теңге. Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жансұлу Ақылбаеваның айтуынша, ауданда 15 елді мекенде осындай құрылыс жоспарланған. Оның 4-і биыл, 6 елді мекендікі келесі жылы, қалғаны оның арғы жылдарға өтпелі.

Жауапты мамандардың айтуынша, жаңадан салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттердің барлығы заман талабына сай, соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталады. Емханаларда маман тапшылығы жоқ.

Leave a reply