
Жуырда Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде тұратын Оңайовтардың шаңырағында үшем дүниеге келген болатын.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Жаушықұм ауылдық округіндегі Оңайовтардың отбасына барып, құттықтап, үшемдердің ата-анасына арнайы сый-сияпаттары мен қаржылай сертификат табыстады.
Айта кетсек, Шардара ауданында 2024 жылдың 17 желтоқсан күні Серік Аянат Ғазизқызы, Серік Айқын Ғазизұлы, Серік Айдын Ғазизұлы деген үшемдер дүниеге келді. Анасы Төлеген Асылзада Әбдіғаппарқызы 2000 жылы 6 қарашада Жетісай қаласында туылған. Әкесі Оңай Ғазиз Серікұлы 1995 жылы 29 қыркүйекте Шардара ауданы, Жаушықұм ауылдық округінде туған. Бүгінгі күні Жаушықұм мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі.