Шымкентте саялы орындардың саны артуда

0
100

Шымкентте көрікті жерлердің қатары артуда. Тұрғындар бір сәт тынығып, отбасымен сергіп алатын орындар абаттандырылып, ел игілігіне ұсынылуда. Сондай көрікті орынның бірі – «Спорт» гүлзары, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қажымұқан атындағы стадион маңында орналасқан гүлзардың аумағы 1 гектардан асады. Бұл орынды абаттандырып, көріктендіру жұмыстары өткен жылдың соңында аяқталып, пайдалануға берілген. Құрылысты Шымкент қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының тапсырмасымен бас мердігер «Шымкент Спец Комплекс» ЖШС атқарған.

– Мұнда 5560 шаршы метр жерге плита тақтайшалар төселіп, алпыс сегіз дана жарықшам, елу дана шағын сәулеттік пішіндер орнатылды. Оған қосымша фонтан да бар, – дейді Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай.

Айта кетейік, демалыс орны бүгінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының балансына өткізіліп, басқарма мамандары күтім жасауда.

Leave a reply