Шымкенттің «жасыл желегі» ұлғаяды

0
133

2021-2025 жылдар аралығында Шымкенттегі ағаш қоры екі есеге артады деп жоспарлануда. Бұл ретте қаланы көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бес жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Аталмыш жоспарға сәйкес қалада ағаштардың 6,5 млн түбі отырғызылмақ.

Бүгінде қалада алты миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекітілді. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егілмек. Ол жұмыстар биыл күзде басталады. Осылайша қаладағы ағаш қоры екі есеге артады.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы екі жүз қырық төрт гектарды құрайтын тоғыз саябақ пен отыз жеті гектарлық отыз тоғыз гүлзар мен аллея бар. Қалада шамамен қырық гектар жерге «Шымсити» саябағын, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде.

Бұдан бөлек, шаһарда ауаның ластануын қадағалайтын жиырма алты датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Leave a reply