Thursday, November 21

Шымкент: жыл басынан бері 300-ден аса қауіпсіздік жол белгілері орнатылды

0
110

Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылы қалада 9 бағдаршам орнатты. Оның 5-і қауіпсіз жол қозғалысын сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер үшін және көлік құралдары ағының ескере отырып, көшелер қиылысына орнатылды. Атап айтсақ, қазіргі кезде Темірлан тас жолы Мешіт аялдамасы, Бәйдібек би даңғылы «Екі жұлдыз» аялдамасы, Ынтымақ 2 ш/а Түркістан—Шымкент тас жолы (М-32) «Gold Aluminium» ЖШС аялдамасы маңына қойылды. Сонымен бірге, Темірлан тас жолы «Sinooil» жанармай бекеті алдына, Қапал батыр мен арнайы экономикалық аймаққа барар көшелер қиылыстарында да бағдаршамдар орнатылған.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер көп жүретін Жібек жолы көшесі, Айна базар алдына, Назарбаев даңғылы А.Юсупова атындағы гимнастикалық мектеп алдына, Асар ш/а 42-43 үйлер маңына, Мәделі қожа көшесі ХҚКО алдына белсенді жаяу жүргіншілер бағдаршамы бар.

Айта кетейік осы жылдың басынан 300-ден аса қауіпсіздік жол белгілері тиісті шарттарға сәйкес орнатылған.

Leave a reply