«АУДАНҒА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН КӘСІПКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

0
45

Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған кезекті Сауран ауданы кәсіпкерлерінің кеңес отырысы өткізілді. Оған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында
— Бүгінгі басқосуымыз өңіріміздің өркендеу сатысындағы маңызды оқиға. Себебі, кәсіптерін дамытуды көздеген азаматтарға ыңғайлы жағдай жасайтын Шаға ауылдық округінде индустриалды аймақ және Оранғай ауылдық округінен Арнайы экономикалық аймақ құрылды. Осыған орай, кәсіпкерлерімізбен жиын өткізіп, Сауран ауданының потенциялын тиімді пайдалану тетігін ұсынбақпыз — деді аудан әкімі.
Аталған міндеттердің аясында ұйымдастырылып отырған Сауран кәсіпкерлерінің кеңес отырысының мақсаты, алыс жақын шетел инвесторларын тарту есебінен ауданда жеңіл, тау-кен, машина жасау, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін, туризм кластерін дамыту арқылы аудан экономикасын көтеруді көздейді.
Сауран ауданында көптеген мекемелер, кәсіпорындар және өндіріс орындарын ашуға толықтай негіз бар. Атап айтсақ, өңірімізде қазба байлықтары, ауылшаруа-шылық өнімдері, туризм саласының оңтайлылығымен бірге шығарылған өнімдерді саудалайтын кең көлемдегі нарық та қалыптасқан.
Жиын қорытындысымен ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, экономиканы нығайту бағытында өз үлестерін қосып жүрген кәсіпкерлер марапатталды. Оларға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды.

Leave a reply