
Мемлекет басшысы «Ш.Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», – делінген хабарламада.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.