Экс-министр мен Рыжий Алмазды не байланыстырды?

0
50

Фонд-бюро расследования коррупции Telegram-арнасы Бейбіт Атамқұлов 90-шы жылдардағы қылмыс әлемінің серкесі Рыжий Алмаздың ұйымдасқан қылмыстық тобының құрамында болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

2002 жылы ресейлік Kompromat.ru порталы Алматы қаласындағы негізгі ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтардың тізімін жариялады. Тізімде ҚР Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың толық аты-жөні бар. Ол автосалондар мен киім-кешектерді бақылаумен айналысатын «Айка» («Рыжий Алмаз») қылмыстық тобының мүшесі болған.

Ең қызығы, мақала қазақша Nomad.su сайтында қайта басылып, кейбір атаулар ғана жасырылған. Атап айтқанда, редакция Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы мен Бекбосынова Гаухар Боранбайқызын жасырған.

Бекбосынованың кім екені және оның аты-жөні неліктен жасырылған белгісіз.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған