Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жарияланды (видео)

0
69

«Известия» газеті мен Shot телеграм-арнасы «Ласковый май» солисі Юрий Шатуновтың өмірінің соңғы сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Видеоға 48 жастағы әнші қайтыс болмас бұрын жарты сағаттағы оқиғалар түсірілгені айтылған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда екі ер адам әрең жатқан Шатуновты жол талғамайтын көліктен түсіріп, ғимаратқа көтеріп кіргізіп бара жатқаны көрінеді.

Кейін жедел жәрдем келіп, Юрий Шатуновты Домодедово ауруханасына жеткізген. Сағат 00:20-да ол жедел жәрдем бөліміне жеткізілген. Дәл сол сәтте жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер Шатуновты аман алып қала алмаған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған