Қазығұртта балаларға арналған мәдени шаралар өтуде

0
45

Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай мектп оқушыларымен «Мектебім-мейірім мекенім! » тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Алғашқы қоңырауда ұсынылған сынып сағаты тақырыбының мәнін аша отырып оқушылардың білім алып отырған мектебіне деген махаббатын ояту.

Білім күнінің екінші бөлімі « Мектебім мейірім мекені» бірыңғай сынып сағаты тақырыбында сыныпта өткізілді. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты:білім алушылармен бірге білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқыланды.

Бірыңғай тәрбие сағатында жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастырылды.Балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін,сондай-ақ жаңа оқу жылына алға қойған мақсаттары айтылды. Білім күнінің үшінші бөлімі республикалық онлайн- акция« Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайн –акция өткізілу ұсынылып бейнеролик тақырыбы берілді. Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары мектеп сайтына,әлеуметтік желіге орналастырылды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған