Қазығұртта «Туған жерім-алтын бесігім» атты өнер байқауы өтті

0
53

Қазығұрт ауландық Шарапхана ауылдық мәдениет үйінде «Туған жерім-алтын бесігім» атты өнер байқауы өтті. Байқауда Жаңабазар ауылдық өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, би үйірмесінің өнерпаздары «Қазақ биі» биіменен байқауымызды бастап берсе, Абубакир Жания, Бегімбет Жантөре, ауыл өнерпазы Сыпабек Қанат туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін әнмен жеткізді. Аблаева Шынар Фариза Оңғарсынованың «Мен сонда жылап қалғам» өлеңін оқыды. Үйірме жетекшісі Абубакирова Назым мен шәкірті Мырзалы Асылзат «Ерке сылқым» күйін орындады. Мәдениет үйі директоры Тұяқбаев Бейсен композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен байқауды қорытындылады.

Бұдан бөлек, киелі «Исмайл ата» жерінде Тұрбат ауылдық клубында ауыспалы «Туған жер-алтын бесігім» атты Шарбұлақ ауылы өнерпаздарының байқауы өтті. Тұрбаттықтар дәм-тұздарымен қарсы алып, байқаудың басын әжелердің алты аузыменен бастады. Ордабек Мадина, Майра, ұстазы Қожатов Нұрбекпен «Қазақстан», «Түркістан» әндерін айтса, «Еркеназ» бала-бақша бишілері би шашуын шашып, күйшілеріміз «Келіншек» күйін тартып көрерменнің көңілінен шықты. Сыдықова Ботакөз халық термесі «Не пайда», Сағындықова Нұргүл «Ауылым» әндерін нақышына келтіре орындады. Жас әнші Жолбарыс Сырым «Көкбөрі» әнін айтса, ерекше жанрмен акробатшы Әмір Кәусар халықтың ыстық ықыласына бөленді. Әнші Шаумаров Сәкен «Елім менің» әнімен байқауды жоғары деңгейде қорытындылады.

Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық мәдениет , тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Жаңабазар ауылдық мәдениет үйінде Қазакстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-рухани қазына» атты дөңгелек үстел өтті.

Туған жер — ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. Адам баласына туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан — деген ұғымдар жүрегіне жақын. Атамекен — туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата — бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер — әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту — қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған. «Ата мекен — алтын бесік» деп, ата — бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтан етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету — әрбір азаматтың игі арманы, мақсат — мүддесі. «Ұлтарақтай болса да, ата — қоныс жер қымбат»- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше , кең даланың сарша тамызы, бұлбұлы сайраған орманы әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде — бір алып. Көктемнің кезінде кең жайылған даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы — қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл – менің туған жерім, ата-мекенім!
Туған жер — адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап –ақ әрбір жеке тұлға адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Нұра ауданы Талдысай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің маңындағы аулада ойнаған достарыммен өткен қызық күндерім әлі есімде. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп , мәңгілік есіңде қалады екен. Мен тұратын өлкенің табиғаты әсем. Ағаштар арасында серуендегенді ұнатамын. Құстары сан алуан әуенге салып сайрағанда адамның көңіл-күйін жақсартады. Жерге жабысып өскен түрлі құлпырған гүлдері бейне бір түкті кілемдей көзді қызықтырады. Салқын жел, таза ауа, жасыл желекке оралған дала деуге болады. Туған жердің түтіні де ыстық. Қорғалжынға қарасты ауыл-аймақтың бәрі бетке ұстар, керемет , елімізде әйгілі күлгін қоқиқаздар мекені «Қорғалжын қорығы» менің туған жерім, мақтанышым.Сонымен қатар Талдысай бөктерінде, таулы аймақта «Айдаһарлы» үңгіріде бар. Ерте заманда бұл жерде айдаһарлының яғни жыландар мекені болған деседі. Осы туған жер үшін қаншама ержүрек, батыр ұл-қыздарымыз жаулармен шайқасып,келешек ұрпақ үшін бабаларымыз жандарын қиған. Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Тәуелсіздік жылдарында елге оралған қандастарымыздың атажұртқа қайта оралып, туған жерге ту тігуі елге, жерге деген зор махаббаттың белгісі. Біз алыстан ата жұртын аңсап келген ағайындарға зор құрметпен қарауымыз керек. Алланың нұрына бөленген бақытты халықтардың біріміз. Әлемде тәуелсіздікке қол жеткізу үшін  ғасырлар бойы күресіп келе жатқан халықтар бар. Солардың көпшілігі үшін азаттық таңы қол жетпес үлкен арманға айналып отыр. Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек.
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Отан табиғаты ерекше ыстық .Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады. Әр адам өз туған жерін құрметтеу және сүю керек.Туған ел, жер туралы ақын-жазушылар ұлы шығармалар, ән- жыр жазған. Ең алдымен адам, өз елінің перзенті, өзінің туған жеріне жан- жүрегімен берілген азамат болуы керек. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінмен, бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің барлық мүддесін, игілігіне жұмсайды. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана. Біздің Қазақстан- көп ұлтты мемлекет.130- дан астам ұлттар мен ұлт өкілдері мекендейтін полиэтникалық мемлекет. Қазақстан-қазақ халқының мекені. Бұл жерде ата-бабамыз өмір сүрді.Оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Қазақстан даласы дарқан, топырағы қасиетті,қойнауы қазыналы. Қазақ даласы кең байтақ ! Қай елдің адамы болсын,өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы- Анасына балайды.Туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен терең де ыстық сезімім тамаша!
Байтақ ел, сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әр түрлі ұлттық мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Біздің тәуелсіздігіміздің айғағындай,елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір патриоттық сезім билейді. Адамның патриоттық сезімінің нысаны мен қайнар көзі Отан болып табылады. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүрі, тарихи құнды ескерткіштері, киелі жерлер, жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді бейтарап қалдыра алмайды. Елін сүю әркімнің жеке ісі,өз арының ісі. Несін жасырамыз, әлі де болса арамызда жеті атасын білмейтін егде  адамдар бар. Шежіре білу рушылдық емес, тектілік болып табылады. «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жер» — деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған ғой.Өкінішке орай, біздің ата-аналар жұмысбастылықты сылтау етіп, бала тәрбиесін уысынан шығарып алды. Қазір немересіне ертегі айтатын әже, ел шежіресін баласына жаттатын ата некен саяқ кездеседі.Егемендігіміздің арқасында елімізде қаншама кәсіпкерлер, қалталы азаматтар пайда болды. Сол азаматтар Алла берген дәулетін ел игілігіне жұмсаса, нұр үстіне нұр болар еді. Дегенменде, көп жағдайда өреміз жетпей, қолға келген мол қаржыны далаға шашатын жайымыз да бар.Тарихқа барлап отырсақ, Алла берген дәулетін ел игілігіне жаратып, ел жадында мәңгі қалған тұлғаларымыз баршылық. Арғы бетте өмір сүрген Баспай байдың жомарттығы, елге деген қамқорлығы жұрт  арасында осы уақытқа дейін аңыз болып айтылуда. Өкінішке орай, елге тұлға болған, ұлт азаттығы үшін жанын пида еткен даңқты бабаларымыздың есімі тек белгілі мерейтойларда ғана айтылады. Неге қазақтың әйгілі қолбасшылары туралы көркем кинолар түсірмеске? Бұл тақырыптардың  бүгінде біз үшін тәрбиелік мәні зор. Өткенде жұмыс барысымен қаламыздағы бір үлкен мемлекеттік мекемеге бардым. Мекеме ғимаратының дәлізіне қазақтың ел қорғаған бүкіл  батырларының суретін іліп қойған. Қандай ғибратты іс! «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзімен мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолына аянбай еңбек етуге шақырамын. Алла Тағала сүйікті Отанымыз — Қазақстан Елін жарқын болашаққа бастап, әрдайым береке-бірліктің ордасы болуын нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Leave a reply