Қазығұрт ауданында кіші футболдан турнир өтті

0
38
Қазығұрт ауданындағы С.Рақымов ауылы округінде жастар арасында кіші футболдан турнир өткізілді. Турнир жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған. Жастар арасында достықты нығайту, өңірімізде футбол спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған футбол турниріне 10 команда қатысты. Командалар 2 топқа бөлініп, топтық кезеңде өзара мықтыларды анықтап, жеңіске жеткен командалар финалдық кезеңге дейін турнир көркін қыздырып, жанкүйерлерге тамаша көңіл күй сыйлады.
Жарыс қорытындысына сәйкес аудандағы І орын — 2003 жылғылар жеңіп алды. Жүлделі ІІ орын — 2006 жылғыларға ие болса,  ІІІ орынға — 1998 жылғылар иеленді.

Leave a reply