ҚАЗЫҒҰРТ: АҚЖАРДА ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

0
45
Шанақ ауылы округі Ақжар елді мекенінде ауыл азаматы Құлажанов Үшқара Алжанұлының демеушілігімен жабық футбол алаңы ашылды. Түркістан облысының 5 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған футбол алаңының ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, Түркістан облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, демеуші болған азаматтарға ауыл тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар іс-шараға облысымыздың спорт саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтар мен аудандық мәслихаттың депутаттары, ауданның Құрметті азаматтары, ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатынан кейін ауыл округ жастары және көрші ауылдардан келген футбол командалары арасында жарыс ұйымдастырылды.

Leave a reply