ҚАЗЫҒҰРТ: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОАКЦИЯСЫ «АҚБУРА» ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІНДЕ ЖАЛҒАСУДА
Қазіргі таңда қоғамда қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы өз жалғасын табуда. Осыған орай Қазығұрт тауының баурайында орналасқан «Ақбура» әулие кесенесінде аталған экоакцияға “АМАНАТ” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Үмбеталиев Алтынсары мен Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаиловтың қатысуымен «Таза Қазақстан» экоакциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 70-ке жуық аудан тұрғындары мен белсенді жастар қатысты. Тазалық жұмыстары барысында әулие кесененің айналасы шөптен, қоқыстардан тазартылып, ағаш бұтау, ақтау секілді жұмыстар атқарылды.
Айта кететін болсақ Ақберді (Ақбура) Әулие ата кесенесі Шымкент қаласынан 40 км қашықтықта, Қазығұрт тауының баурайында орналасқан. Аңыз бойынша Ақберді ата емші және әрдайым ақ түйесімен жүрген. Ол бір мезетте екі жақта бола алған, Қазығұрт тауының басында таң намазды оқып, күндіз Түркістанда болып, әр жұма намазды Меккеде оқыған деседі. Ақбура әулие қайтыс болған соң, оның түйесі тоқтаусыз жылау кезінде тасқа айналып, жасы тамған жер бұлақ басына айналған. Бұлақ суының емдік қасиеті болғандықтан қазіргі таңда көптеп адамдар емделу мақсатында келеді. Кесене басындағы бұлақ емдік қасиетке ие. Жергілікті халық «Ақбура» бұлағы деп атап кеткен. Зиярат етушілер әуелі кесене ішінде құран оқып, кейін бұлақ суын ішеді. Енді бірі ыдысқа құйып, өздерімен бірге алып кетеді. Бұлақ суының өзіндік емдік қасиеті бар.