САЙРАМДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ҰЛТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

0
46
Өздеріңізге белгілі, шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – еліміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам иеленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Былтыр ауданда Абдурахманова Мафтуна есімді азаматша комиссия шешімімен мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алды. Бүгінде кәсіпкердің «Еркін сөйле» атты логопед орталығы бар. Онда қазір 100-ден аса тілінен кемістігі бар балалар емделуде. Жалпы күні бүгінге дейін орталық 2000-нан аса бүлдіршінді қабылдаған. Қазір мекемеде 8 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер логопед курсы бойынша тәжірибесімен бөлісуде.
Айта кетейік, грант алған азаматтарға Орталық тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, кәсіпкер қаражат алған күннен бастап 3 ай мерзімі ішінде өз кәсібінің қызметін салық органдарына тіркеп, грант қаражаттын мақсатты пайдаланғанын растау үшін «Business.enbek.kz» интернет порталына арқылы алған заттарына шот-фактуралар мен қажетті құжаттарды өткізу қажет. Оған қоса, грант алған күннен бастап 12 ай ішінде аудандық Мансап орталығына қаржылай қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық есептерді ұсынулары тиіс.
Бұдан бөлек, Елімізде Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашқан болатын. Ал, аудан бойынша 8 жоба қаржыландырылған. Несиені Ақбұлақ, Көлкент, Қайнарбұлақ пен Жібек жолы ауылдарының тұрғындары иеленді. Солардың бірі Сүлейменов Тұрар. Ол 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алып, алынған қаражатқа 18 сиыр сатып алды. Алдағы уақытта кәсіпкер мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» нысаны (КОС) қайта іске қосылды. Аталған құрылыс 2017 жылы басталса да, мердігер мекеме тарапынан келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмаған. Яғни, жобадан ауытқып жұмыс жүргізгені және техникалық қадағалаушы мекеме қадағалау жұмыстарын сапасыз жүргізген. Салдарынан нысан жұмысы бүгінге дейін пайдалануға берілмей келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан басшысы Арман Сәбитов аталған нысандағы сүзгілердің жұмысы, құрылыс жобасының талаптарына сай болуы және алдағы уақытта іске қосу мәселелерін жіті бақылауында ұстаған. Бүгінде нысандағы кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, 1 айдың ішінде өз жұмысын бастады. Бұл, өз кезегінде, қанша жыл ішінде экологиялық зиян келтірген мәселе оң шешілгенін көрсетеді.
Қарабұлақ елді мекеніне Ақсу ауылындағы көпқабатты 54 үй мен кәсіпкерлік нысандардан шығатын шайынды сулардың қайта өңдеп, ауыл шаруашылық мақсатындағы егін алқаптарына жіберу. Осылайша, қосымша ағын су көздерін арттыру. Айта кетейік, «ХМСУ Шымкентмелироация» ЖШС мердігерлік мекемесінің 5 жылдық кепілдік мерзімі бар. Егер нысан істен шықса, мердігерлік мекеме жауап береді.

 

 

Leave a reply