2668 пәтер пайдалануға берілді

0
50

Түркістан облыс орталығы ретінде жақсы қарқынмен дамыды. Қаланың түрленуімен ілесіп халық саны артты. Жұмыс орыны көбейіп, өзге өңірлерден келушілер көбейген үстіне көбейді. Осының барлығы тұрғын үй мәселесін туындатты.

Сонау бір кездері Түркістан қаласында табиғи газ деген мүлдем болмаған. Бүгінде мұның шешімі де табылып, газдандыру шаралары кезек күттірмей, қарқынды жүріп жатқаны үлкен жетістіктің бірі десек те болады. Бүгінде көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 91 па­йызды құрап отыр. Енді биыл жа­ңадан қоныстанған, жер құжат­тарын енді ғана заңдастырған 380 тұрғын үйге табиғи газ тарту шара­лары жүруде. Тұрғындарды сапалы электр энегриясымен қамту да кезек күттірмейтін мәселенің бірі.

Айта кетейік, шаһардың аумағы кеңейіп, халықтың саны бірнеше есеге көбейген сайын инфрақұ­ры­лым мәселесінің де күрделене бере­тіні анық. Соған қарамастан жергі­лікті билік уақыт ағымынан қалмай осынау шараларды да жіті бақы­лауында ұстап келеді. Бүгінде қа­ланың таза сумен қамтылуы 98 па­йызды құрап отыр. Келер жылы 5 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ал қазір Кентау қаласындағы Біресек су кен орнынан 600 диаметрлік құбырмен сағатына 1 590 текше метр және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3 200 текше метр мүмкіндігімен қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су меке­месінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғы­масы арқылы қала ауыз сумен қам­тамасыз етілуде.

Сонымен қатар қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен ны­сандарды кезең-кезеңмен ауыстыру жоспарланған. Бүгінде қала аума­ғында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан жылумен қамтамасыз етілуде.

Түркістан қаласының құрылыс бөлімі тапсырысымен Әкімшілік-іскерлік орталықта 2020 жылдан бастап көпқабатты89 үйдің (5649 пәтер) 360,6 мың ш.м. (кредиттік 4488, кезектегі 1161 пәтер) құрылысы басталып, Оның ішінде 2020 жылы 7 үй 336 пәтер (барлығы кредиттік), 2021 жылы: 29 үй 1921 пәтер (кредиттік 1427, кезектегі 494 пәтер), 2022 жылдың 9 айымен  42 үй 2668 пәтер(кредиттік 2 111, кезектегі 581 пәтер) пайдалануға берілді. Сондай-ақ қазіргі таңға қалғаны 11 үй 724 пәтер (кредиттік 572, кезектегі 144 пәтер).

Олар №11 көшеде орналасқан 7-12 қабатты 8 тұрғын үй (7 қабатты-2 үй, ФЕБ Строй ЖШС-3 үй, Шымкентқұрылыс ЖШС-3 үй).

Сонымен қатар, №9 көшеде орналасқан 12 қабатты 5тұрғын үй (Азим Строй ЖШС-1 үй, Саха-2005 ЖШС-1 үй, Талап Строй ЖШС-1 үй) құрылысы Аталған үйлердің қабылдау мерзімі қазан-қараша айларында қабылданады.

Бір анық дүние жергілікті билік өкілдерінің жұмыс көрсеткіші ең алдымен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және инвесторлар тартумен өлшенетіні белгілі. Бұл бағытта Түркістан қаласында ха­лықты жұмыспен қамту, аз қамта­ма­сыз етілген және мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылып жатыр деуге болады. Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 4 844 адам жұмыспен қамтылған. Бастау бизнес жобасы бойынша 992 сер­тификат алынып, 24 адамға мемле­кеттік грант берілген. Сондай-ақ, АӘК алатын отбасыларға 4 696 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет таратылыпты.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жүйелі түрде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып келеді. Биыл осы санаттағы 3 585 жанға қаржы­лай қолдау көрсетілген. 263 адам протездік-ортопедиялық, 270 сур­до-тифлотехникалық құралдармен және 245 жан қол арбамен, 401-і же­ке көмекшілер қызметімен қам­ты­лып отыр. 151 адам инватакси қыз­метіне, 8-і әлеуметтік такси қыз­метіне жүгінеді. Әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығы «Тең қо­ғам», «Белсенді ұзақ өмір», «Әлеу­меттік психологиялық сүйемелдеу» бойынша 3 бағытта жұмыс атқаруда.

Ал, енді құрылыс саласының бәсі бөлек. Өйткені қаладағы қар­қынды жұмыстардың бірі бұл. Қа­зіргі таңда 2021 жылдан өтпелі бол­ған 3 392 пәтерлі 53 үйдің құры­лысы жүргізілуде. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасы­ларға үлестірілмек. Пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқанын айта кету керек. Қалада 15 мыңға жуық адам  тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл өзекті мәселенің бірі екені рас. Дегенмен, осынау мәселе де біртіндеп өз ше­шімін тауып келеді.

 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған