ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
66
Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов жеке жоспарына сай Қызылқия, Қақпақ, Тұрбат және Қазығұрт ауыл округтеріне арнайы іссапармен барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Іссапар кезінде Қызылқия ауыл округінен, Ынталы және Айнатас елді мекендерінің көшелерін орта жөндеу жұмыстарын және Тұрбат ауыл округіндегі «Т.Тулла» атындағы 300 орындық мектеп құрылысы мен Өндіріс елді мекені көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы нысандарында болды. Ал, Қазығұрт ауыл округінде «Шығыс» мөлтек ауданының 250 га аумағына инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысын, Н.Мұратов көшесін жарықтандыру жұмыстарын, Қазығұрт елді мекеніндегі 16 пәтерлі, 2 қабатты, 2 тұрғын үй құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Нысан аралау кезінде мердігер мекеме басшыларымен кездесіп, өзінің және халықтың ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Leave a reply