Қала күні мерекесіне орай қаламгерлердің басқосуы өтті

0
47

19 маусым – Қала күні мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен Одақтың төраға орынбасары Бақыт Беделхан қонақта болып, қаламгерлердің басқосуы өтті.

Басқосуға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, жазушылар Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалы және т.б. бетке ұстар әдебиет саңлақтары, жас ақын-жазушылар қатысты.

– Одақ төрағасы Ұлықбек Есдәулет Шымкент қаласына ат басын бұрып, қалада өтіп жатқан бірнеше ісшараға қатысып, жеті жазушыны Одаққа мүшелікке алды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен Шымкентте алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмысты талқылады. Қала күні қарсаңында Жазушылар одағының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жоспар үлкен еді. Әттең… Осы істің басы-қасында жүрген ағамыз, Одақ филиалының жетекшісі Жеңіс Бахадүр кенеттін қаза тапты. Ойластыра келе, Жеңіс ағамыздың бастап кеткен ісін аяқсыз қалдырмай, өткізуді жөн көрдік, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жиынға қатысушылар күні кеше өмірден озған жазушы, журналист Жеңіс Баһадүрді еске алып, оның Шымкентте әдебиет саласының дамуына серпін беретін істерінің, жобаларының аяқсыз қалмайтынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, басқосуда қаладағы бірқатар жас ақын-жазушыларға, жалпы жеті азаматқа Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелік куәліктері табысталды. Олардың қатарында Әлімжан Әлішер, Арайлым Мұратәлиева, Сүндет Сейіт, Даркен Танабаев, Дәурен Айманбет, Салтанат Айдарбекова, Зылиха Жантасова бар.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған