ҚМА: Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды
ҚМА рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды Infonews.kz сайты ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
Олардың мәліметінше, 14 шілдеде ҚР ҚПК-ның 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына мына азаматтар қамалған:
Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.
«15 шілдеде осы тұлғаларға қатысты Алматы қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысы бойынша, 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар сот Елдос Қоспаевқа іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады. Ал Айдос Қоспаев мен Руслан Шалин күдікті деп танылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын БАҚ-та Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені жайлы ақпарат тараған болатын.