21 жастағы жігіт үш жылқыға соқтығысып қаза тапты (фото)

0
47

Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы жүргізуші үш жылқымен соқтығысып қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жол апаты Шығыс Қазақстан облысы «Омбы-Майқапшағай» тас жолында болған. Toyota тізгіндеген жас жігіт жолға шауып шыққан жылқыларды байқамай қалған. Ол оқиға орнында қайтыс болды.

«Төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің ішінде бір жастағы сәби де бар», — деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастап кетті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған