Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
«Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», — делінген құжат мәтінінде.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енеді.