ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

0
115
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Полиция департаментімен бірге өңірдегі жолаушыларға қызмет көрсететін тасымалдаушы мекемелерге тұрақты түрде бақылау жұмыстарын жүргізіледі.
Атап айтқанда, қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі. Сондай-ақ, рейс алдындағы автобустардың техникалық байқаудан және жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуі қатаң бақыланады. Егер де ақау болған жағдайда автобус бағытқа шығуына тыйым салынады.
Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Leave a reply