ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМ БАСТАЛҒАЛЫ ҚАЛАҒА 130 503 ТУРИСТ КЕЛГЕН

0
57
Түркістан қалалық «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуіне сәйкес, облыс орталығына жаңа туристік маусым ашылғалы 130 503 турист келген.
Оның 129 645-і ішкі туристтер болса, 858-і шет елдік қонақтар.
Бүгінде шаһарда туристтерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.
2023 жылдың І-ші тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны- 57 бірлікті құраған. Ал, демалыс нөмірлері саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке (2022 жылдың I тоқсандағы көрсеткіші -2093 бірлік ) көбейген.
Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада
5 жұлдызды “Medina palace” қонақ үйі мен “Мұз айдыны” спорт кешені қолданысқа беріліп, туристтерге арналған демалыс орны арта түспек.

Leave a reply