Thursday, November 21

Үнді ғарыштық зерттеу ұйымы жер серігінің оңтүстік полюсінен күкірт, алюминий мен темір сынды металдар тапты

0
160

Үнді ғарыштық зерттеу ұйымы “Прагьян” ай ровері планетаның жер серігінің оңтүстік полюсінен күкірт, алюминий мен темір сынды металдарды тапты. Бұл туралы Infonews.kz сайты Еuronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Айға 23 тамызда жеткен үндістандық ай ровері Жер серігінің оңтүстік полюсінде күкірт барын растады. Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымының (ISRO) мәліметінше, Айда оттегі, темір, алюминий, кальций, хром және басқа да элементтер табылған.

“Сутегін іздеу жалғасуда”, – деді Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымы.

Үндістанның үшінші ай “Чандраян-3” экспедициясы 14 күнге есептелген.

Үндістан КСРО, АҚШ және Қытайдан кейін Айға ғарыш кемесін сәтті қондырған әлемдегі төртінші мемлекет болды.

Leave a reply