Ұлттық банк төрағасы Пірматов лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Ғалымжан Пірматов бұл қызметке 2022 жылдың 3 ақпанында тағайындалған болатын.
Бұған дейін ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған.