Ұлттық банк төрағасы Пірматов лауазымынан босатылды

0
47

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Ғалымжан Пірматов  бұл қызметке  2022 жылдың 3 ақпанында  тағайындалған болатын.

Бұған дейін ол «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болған.

Leave a reply