ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҮШІН КӘСІП АШҚАН

0
49

Нарықтық заманда кәсіп көзін күнкөріс үшін, өнімнен мол табысқа кенелуді көздесек, оның түпкі тәрбиелік мәніне тереңінен үңіліп, бас пайдасынан бөлек басқа қырынан да қарайтын қазыналы жандар кездеседі екен. Сондай жандардың бірі – Кентау қаласының тұрғыны Ысқақ Жұмашев. Кентау қаласының «Құрметті азаматы», саналы ғұмырын медицина саласына арнаған Ысқақ ата есімі бүгінде кентаулықтарға ғана емес, еліміздің түкпір-түкпіріне белгілі. Жүрегі кең, қайырымды атамыздың 1994 жылдары «АрНұр» отбасылық балалар үйін ашып, қазіргі таңда тіптен үдеп, үркитін мәселеге айналған тастанды балалардың біразын сол кезде бауырына басқаны жайлы әңгіме өз алдына.

Бүгінгі әңгіме атаның кәсібі жайлы. Үй шаруашылығында қоян өсіріп, көбейтіп, дәрігер ретінде оның етін диеталық өнім қатарында ұсынып, терісін өңдеу ісін қолдап жүрген кәсіпкер атадан: «Неге осы жануарлардың ішінен қорқақ коянды қаладыңыз, жалпы қалай басталды өзі?» деген сұрағымызға, әңгімені әріден бастады.

«Мен қоян өсіруді осыдан 21 жыл бұрын қолға алдым. Ондағы негізгі себеп те, басты мақсат та – балалар тәрбиесіне қатысты болды. Сол заманда бозбалалардың жік-жікке бөлініп, бір-бірімен төбелесіп, бұзақылықтың өршіп тұрған кезі болатын. Ал, балалар болса өсіп келе жатыр. Сонымен, олардың көңілін алдандырайын, бұзақыларға қосылып кетпесін, бас-басына жұмыс беріп, сабақтан бөлек жан-жағына қарауға «мұрша» бермей қояйын деген оймен отбасыммен өздеріңізге белгілі, «АрНұр» отбасылық балалар үйінің балапандарымен қоян бағуға кірістік. Сондай-ақ, бұл іс балаларға табиғатты, жан-жануарларды аялауға, оларға қам-қор, мейірімді болуға үйретіп, төзімді-лікке тәрбиелейді. Оның үстіне қоян шаруашылығы жылдам дамитын кәсіп емес пе? Сонымен, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Атамекен» деген жарыс басталып, біз осы дамытқан кәсібіміз бойынша 2-орынды иеленіп, 200 мың теңге ұтып алдық. Оған тағы да қоян сатып алып, ісімізді одан әрі дөңгелеттік», – деп кәсіпкерлікпен қатар тағылымы мен қызығы мол әңгімесімен бөлісті.

Тәрбиеге айрықша мән беруді, оның тал бесіктен бастау алатынын бәрінен де жоғары санайтын Ысқақ ата мен Гүлжаһан апа балалардың бос уақытында пайдалы іспен айналысуын қадағалап отырады. Олардың сабақтан қолы қалт етсе, таң атысынан таусылмайтын сериалдарды тамашалауларын емес, кітап оқуын, қолөнермен айналысуын, сурет салуын, музыкалық аспапта ойнауын қалайды. Осындай мықты тәрбиенің арқасында болар балалар шетінен дарынды, он саусағынан өнер тамған. Балапандардың қолынан шыққан әсем дүниелері үйдің сәнін кіргізіп, жиһаздардың қатарын толықтырып тұр. Тағылым мен тәрбиеге тұнып тұрған шаңыраққа қарап тамсанасың.

Кәсіпке оралсақ, бүгінде салпаңқұлақ саны 100-ден асатын шаруашылыққа Ысқақ ата бас-көз болып, немерелері қарауда. Тез көбейетін сүйкімді жануар жылына 5-6 рет, әр аналық орта есеппен 5-8 көжекке дейін табады екен. Ал, есептей беріңіз!

Сәбізбен, арпамен, жоңышқамен, тамақ қалдықтарымен т.б. қоректенеді. Аулаға бақса, ұяшықтарын терең етіп қазып тастаулары арқылы үңгірден үркек көжектерін алу қиынға соғатындықтан, бұл тиімсіз тәсіл. Сондықтан, оларды торда ұстаған абзал. Торды жерден 1 метр биіктікте орналастырған. Бұл әрі жем беруге, әрі астын тазалауға қолайлы екен. Қоян етінің ағзаға тигізер пайдасына келсек, онда холестерин жоқ, тез сіңіріледі. Бұл жасы келген кісілерге өте қолайлы. Жүрекке, асқазанға, бауырға, бүйрекке әсері ерекше, сонымен бірге қорғаныс қабілетін нығайтып, улы заттарды шығаруға мүмкіндік береді.

Етінен бөлек, тері өңдеуді қолға ал-ған кәсіп иесі тері илейтін, азық дайын-дайтын түйірлегіш аппарат алуға мем-лекет тарапынан қайтарымсыз қаражат алып, жоспарды орындап, есебін бер-ген. Енді алдағы уақытта жиналып қал-ған иленген теріден нымша, кеудеше, бас киім, ал қырқылған қалдықтардан жұмсақ ойыншықтар тігу, жалпы қалдықсыз өндіріс үшін қолайлы тігін цехын ашуды ойластыруда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған