Әл-Фараби ауданында 10 заңсыз дүңгіршек алынды

0
51

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағында 6 мобильдік топ кәсіпкерлік нысандарға рейд жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді. Кезекті тексеру барысында заңсыз орналасқан сауда дүңгіршектері анықталды.

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы саны жүз жиырма жеті дүңгіршек бар. Олардың басым бөлігі Республика даңғылы, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, Қазыбек би, М.Х.Дулати, Төле би, Б.Момышұлы, Жангельдин және Түркістан көшелері бойында орналасқан.

Ауданда жыл басынан бері заңсыз орналасқан дүңгіршектерді орнынан алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде Бәйдібек би 25, Рысқұлов пен Дулати, Байтұрсынов және Түркістан көшелерінің қиылысында орналасқан 10 заңсыз дүңгіршек орнынан алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері заңсыз орналасқан дүңгіршектерді орнынан алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Дегенмен, түсіндіру жұмыстарынан қорытынды шығармағандар да болды. Нәтижесінде бұған дейін тоғыз заңсыз орналасқан дүңгіршек орнынан алынды. Оның 4-еуін сотқа беру ісі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған