ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
61

 

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Басқосуға Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары, облыстық, қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктері жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты.

Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова модераторлық етті.

— Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты – елімізде жүргізіліп жатқан отбасы-лық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен ны-ғайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбие-леуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұ-зушылықтың алдын алуға үлес қосу. Осы бағытта біз өздеріңізбен тоқсан сайын сали-қалы жиын өткізіп, өзекті мәселелерді талқы-лап келеміз. Биылғы жоспарға сәйкес, өтетін іс-шаралар, медиация, қайырымдылық, республикалық Аналар кеңесінің форумына қатысу және тағы басқа маңызды іс-шараларды өткізу қөзделіп отыр. Аталған шараларды бірлесіп нәтижелі өткіземіз деген ойдамын,- деді Д.Жамболова.

Жиын барысында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы аудандық, қалалық Аналар кеңесі төрайымдарының жылдық жұмыс жоспарлары талқыланды. Жиында Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Ибрагимова «Жаңа Қазақстандағы Ана-лар кеңесінің орны» тақырыбында сөз қоз-ғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баян-дады. Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Жиынды қорытындылаған Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова өңірдегі отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар жоспарға сай жүйелі жалғасатындығын жеткізді.

Leave a reply