ӨЗ КӘСІБІҢДІ АШ

0
63
Сайрам аудандық Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, ауданымызда «Өз кәсібіңді аш» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастарды кәсіпкерлік негіздеріне баулу. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Соның ішінде, жастарға 2,5 % несие беру бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара алдымен жастардың «Bella Mebel» жиһаз фабрикасына экскурсиясымен басталды.
Аталған жиһаз фабрикасында 200-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінгі таңда жиһаздары сұранысқа ие бұл фабриканың тауарлары Германия, Италия, Түркия, Қытай, Ресей, Грузия елдеріне экспортталады.
Экскурсия барысында шараға қатысушыларды кәсіпорынның барлық жұмысымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің ойындағы сұрақтарын қойып, ұтымды жауап ала білді.
Содан соң, жастар Құтарыс ауылдық округінде болып, «Ozen» қайырымдылық қорының «100 қазақ ауылы» бағдарламасы аясында салынған спорт кешенінмен танысты. Спорт кешен заманауи үлгіде салынған. Мұнда 100-ге жуық бала күрес және бокс үйірмесіне қатысады.
Одан соң іс-шара «TEDx» форматындағы сминар-трингпен жалғасты. Жеке кәсіпкер, «Төлем» ЖШС- атқарушы директоры Сейдолла Исмаилов пен қоғам белсендісі, түрлі жобалардың үйлестірушісі Данияр Алан қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, «Жастар ресурстық орталығы» мамандары тарапынан мемлекеттік бағдарламалар жайлы ақпарат берілді.

Leave a reply