Навальный туралы түсірілген фильм «Оскар» сыйлығын жеңіп алды

0
48

Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Америка дауысына сілтеме жасап.

Жеңімпаздар:

Үздік актер — Брендан Фрейзер («Кит»).

Үздік актриса — Мишеь Йео («Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм — «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік анимациялық фильм – «Пиноккио» Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер — Ке Хюи Куан («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса — Джейми ли Кертис («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм «Ирланд тілінде қоштасу» болды.

Үздік операторлық жұмыс – «Батыс майданда өзгеріс жоқ» фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – «Кит» фильмі.

Үздік костюмдер – «Қара Пантера: Ваканда мәңгіге» фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм –«Батыс майданда өзгеріс жоқ» (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Пілдер сиқыршысы». Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – «Бала, көртышқан, түлкі және жылқы».

Үздік деректі фильм – “Навальный”

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік саундтрек – «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік қоюшы-суретші жұмысы — «Батыс майданда өзгеріс жоқ».

Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: Су жолы»

Үздік түпнұсқа сценарий — «Барлығы барлық жерде және бірден».

Үздік бейімделген сценарий – «Әйелдер сөйлеп тұр».

Үздік дыбыс— «Топ Ган: Мэверик».

Үздік ән  үндістандық RRR фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — «Барлығы барлық жерде және бірден»

Үздік режиссер — «Барлығы барлық жерде және бірден» фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған