15 НАУРЫЗДАН БАСТАП «ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД» ӘУЕ РЕЙСІ ҚАТЫНАЙДЫ

0
268
«Qazaq air» әуекомпаниясы 15 наурызда Түркістаннан Самарқандқа тікелей әуе қатынасын іске қосады. Қалалар арасындағы рейстер аптасына 2 рет жұма және жексенбі күндері қатынайды. Түркістан қаласынан жергілікті уақыт бойынша 20:20-да, ал Самарқандтан 21:20-да ұшады. Рейстер заманауи, жайлы «De-Havilland Dash 8-Q400» әуе лайнерлерімен орындалады.
Жаңа әуе қатынасы — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. Сондай-ақ, Түркістан қаласына келетін туристер санының артуына едәуір әсер етеді. Бір жақты авиабилеттің құны — 25 697 теңгеден басталады. Билеттер қазіргі таңда сатылымда.
Билеттерді «flyqazaq.com» ресми сайтында, сондай-ақ авиакомпанияның сату кеңселерінен алуға болады. Аталған сайт арқылы борттағы орынды алдын ала брондауға, жүкті рәсімдеуге, борттық тағамға тапсырыс беруге, сонымен қатар үй жануарлары мен спорттық жабдықтарды тасымалдауға тапсырыс беруге мүкіндік бар.

Leave a reply