2,5 пайыздық несие өз жемісін беруде

0
56

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Түркістан облысына биыл 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен аталған жобаны үйлестіру, тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 20 азамат несие алуға өтініш жолдаған. Бүгінгі күнге 10 азаматтың жобасы облыстық комиссия қарауынан өтіп, мақұлданған. Облыс бойынша алғаш несие алған азаматтар арасында Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Тұрар Сүлейменов бар.
Кәсіпкер өз жобасын іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы саласы бойынша 8,6 млн. теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтініш жолдаған. Нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн. теңгеге қол жеткізген.
Кәсіпкер алған қаржысына Ақмола облысынан 16 сауын сиыр әкелген. Бүгінгі күнде әр сиырдан 10 литрден сүт алып, оны «Натур Продукт» ЖШС-не өткізуде. Кәсіпкер өз кәсібін дамыту аясында алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Leave a reply