ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА БЕЙІМДЕЛУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

0
102
Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін оқу орталықтарының қатарында «Мирас» колледжі мекемесі бар.
Мекемеде шаштараз шебері, маникюр шебері, визажист, тігінші, WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі және дизайнер біліктіліктері бойынша білім беруде. Оқу орны 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2017 жылдан бастап қатысып келеді.
Сондай-ақ, оқуын тәмамдаған азаматтарға еңбек нарығының сұранысына сай бос жұмыс орнына орналасуға мүмкіндік береді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағандарды тұрақты жұмысқа орналастырады.
Қазіргі күнге дейін аталған курс бойынша 725 білім алушы болса, оның ішінде 632-сі жұмыспен қамтылды.
33 жастағы Әйгерім Асқарбек мекемеде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсында «WEB-қосымшасын әзірлеушінің көмекшісі» мамандығын бойынша дәріс алуда.
— Мен көп балалы ана болғандықтан бала тәрбиелеумен жұмыссыз үйде отырдым. Қазір осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында өзім қалаған мамандық бойынша білім алып жатырмын. Оқуды бітіріп қолыма сертификатымды алған соң, биыл өз кәсібімді ашсам деген ниетім бар, — дейді Әйгерім Асқарбек .
Айта кету керек, оқыту курстары 30-дан аса мамандықтар бойынша жүргізіледі: дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик, тас қалаушы, кран машинисті, визажист, шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Leave a reply