ҚАЛА КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Қаратау ауданы әкімдігі қызметкерлері аудан аумағындағы көшелер бойында орналасқан жарнамалардың «ҚР Тiл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес дұрыс жазылуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында кәсіпкерлік нысандардағы бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттың жазылуында қолданыстағы заңнаманың сақталмау жағдайлары анықталып, мамандар тарапынан түзету жөнінде ұсыныстар берілді.
Аталған кемшіліктер түзетілмеген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75-бабына сәйкес жеке кәсіп иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.
Арнайы жасақталған мамандардың түсіндіру жұмыстарына Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы мен Қаратау аудандық әкімдігінің ономастика бөлімінің мамандары да қатысып, өз ұсыныстарын айтты.
Қолданыстағы заң нормаларына сәйкес кез келген көрнекi ақпараттың мәтiндерi ең алдымен мемлекеттiк тiлде жазылады, содан соң қажеттiлігiне қарай қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн.
Ескеретін жайт, шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы жарнама құралдарын әзірлеу барысында мәтіндердің сауатты жазылуына, орналасуына тегін консультациялық көмек беретін «Жедел желі» (77-63-48) қызмет көрсетуде.