ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

0
72

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 650 жағдай (516 симптоммен, 134 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 211 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 439 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3250 адам вакцина алды (I компонент-1018, II компонент-2232). Егу науқаны басталғалы барлығы 368 443 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 273 625 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қалада 45 екпе нысаны бар. Бастапқы медициналық көмек көрсету мақсатында 36 емханада 205 мобильді бригада жасақталған. Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.

Бүгінге дейін мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға шақырады.

Leave a reply