Wednesday, December 4

АВТОМОБИЛЬ ШЫНЫЛАРЫН ЖАСАЙТЫН ӨНДІРІС ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

0
131

Елорда күні мерекесіне орай Шымкент қаласында автомобильге арналған шыныларды жасап, монтаждаумен айналысатын «Балкибеков» ЖК жұмысын бастады.

Жобаға 40 млн теңге инвестиция тартылып, 20 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Өндіріс орны жылына 5 000 дана шыны шығаруды жоспарлап отыр. Жобаға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан 0,54 гектар жер берілген.

Еске сала кетсек, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген. Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.

Сонымен қатар, Шымкентте әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған.

Leave a reply