Thursday, November 21

ТӨЛЕМ КАРТАҢЫЗ БОЛА ТҰРА ЖҮЙЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ ОНДА СІЗ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРУГЕ ҚҰҚЫЛЫСЫЗ

0
140

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінің «Instagram» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфир барысында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасов мәлімдеді.

«Қоғамдық көлікте егер қолма-қол ақша берсеңіздер кондуктордан міндетті турде жүру билетін талап етіңіздер. Егер билет бермесе немесе Төлем картаңыз бола тұра жүйе жұмыс жасамаса сіздер ТЕГІН жүруге құқылысыздар», — деді басқарма басшысы.

Қаладағы эпидахуалдың тұрақсыз екенін айтқан ол автобусқа мінгенде және халық көп шоғырланатын жерлерге барғанда міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтап, маска тағып жүрулерін сұрады.

Басқармаға келіп түсетін сұрақтардың 80% жолаушылар көлігіне қатысты. Сондықтан бүгінгі тікелей эфир барысында басқарма басшысы тұрғындарды мазалап жүрген сауалдарына жауап берді.

Айта кетейік, былтыр Шымкентте 590 автбоус сатып алынған. Оның 300-і қазір жүйеге түсті. 290-ы жылдың аяғына дейін қолданысқа шығады. Оның бәрі – газбен жүретін қоғамдық көлік. Ішінде ауа баптағышы бар, мүгедектерге қолайлы. 290 көлікті кешігіп енгізу себебі қалада қоғамдық көлікке газ құятын стансаның құрылысы енді аяқталды. Екіншісін ұлғайту жұмыстары енді ғана басталды. Жыл аяғына дейін бітуі керек. Сол кезде ғана қалған автобусты жолға шығаруға болады.

Leave a reply