Thursday, November 21

«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 13 КӨШЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
98

Шымкент қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі «Тұран» шағынауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложол және автомобиль жолдардың сызбалары да енгізілген.

2021 жылдың соңына дейін № 1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Мәселен, биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80 %-ы аяқталған.

Сондай-ақ, «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60 % жұмыстары орындалды. Жалпы жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Тұран шағын ауданы тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер жаңадан салынған желілерге қосылып, электр қуаты тұрақты түрде берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 75 % аяқталған. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су берілетін болады.

Leave a reply